Бүгінгі бақытты бүлдіршін – ертеңгі жарқын болашақ! «Алтын ұя» сіздерді қуана қарсы алады!
Кіру
AA+
Бүгінгі бақытты бүлдіршін – ертеңгі жарқын болашақ! «Алтын ұя» сіздерді қуана қарсы алады!

30-тамыз Конститутция күні құтты болсын. 
Әрбір бала дамуы үшін балабақша қажет деген пікір кең таралған. Шынымен де балабақша балаға не бере алады? Балабақшаға келген балада өзіне жақын ортамен салыстырғанда басқа нормалар үстемдік ететін жаңаәлеуметтік қатынастар туралы түсініктер қалыптасады. Олардың бастысы - әлеуметтік даму үшін жасалатын жағдайлар (құрбы-құрдастармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі, топқа ену, ынтымақтасу икемділігі, белгілі бір ережелерге бағына білу, өзара әрекеттесу нормаларын сақтау т.б.). Бұл кезеңде болашақ ересектік (әлеуметтік) кезеңге дайындық басталады.
Қазіргі балалардың көпшілігінің балабақшаға баруы - мектеп алдындағы баспалдақ болып табылады. Балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі оқыту, баланы оқу үрдісіне тарту, мектепке даярлау. Баланың мектептегі болашағы балабақшадағы тәрбиешілердің дайындау деңгейіне байланысты. Олар баланың мектепте оқуға ықыласын ояту үшін баланың қабілеттерін дамытып, оларда оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықты арттыруы керек.